Биыл West Dala компаниясының нысандары халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қайта қатысты. Акцияны қолдау мақсатында 20:30-дан 21:30-ға дейін ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз», «Өзен», «Қошанай» нысандарында сыртқы және ішкі жарық көздерін өшіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын еске салды.
Наурыз – біздің сүйікті мерекеміз, өйткені көктемнің алғашқы жылуымен бірге жаңару мен үміт те келеді.
West Dala компаниясы көптеген ұйымдармен бірлесіп қайырымдылық көмек көрсетеді. Солардың бірі – «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестіктің Атырау қалалық филиалы. Олардың тізімі бойынша бүгін әріптестеріміз алты отбасыға барып, атаулы көмек көрсетті. Компания атынан “Игілік себеті” атты акция ұйымдастырылды.
Біздің әріптестеріміз Айнагүл Сагиева мен Асыл Теміртасова Атырау қаласындағы Д. Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің 4 «Л» сыныбына қонаққа барып, ашық экология сабағын өткізді.
West Dala компаниясы Атырауда өткен «Қазнефтегазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты. Бұл – Қазақстандағы мұнай сервисі саласындағы негізгі оқиға, оны KazService мұнай сервисі компаниялары одағы ұйымдастырды.
Осы жылдан бастап West Dala компаниясы Қазақстанның мұнай-газ кеңесінің «PetroCouncil» мүшесі болды. Бұл қауымдастық Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған.
West Dala компаниясы ТШО мердігер ұйымы ретінде 2019 жылдан бастап ҮБЗ құрылысын қамтамасыз етуге қатысты. Осы жобаны жүзеге асыру үшін біздің компания «Теңіз» ҚЖК-ін құрды, ол Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында қалдықтарды басқару қызметтерін көрсетуге арналған қолдау базасы болды.
Егжей-тегжейге назар аудару және қауіпсіздікке проактивті көзқарас тәуекелдердің алдын алуға және West Dala нысандарында сенімді жұмыс жағдайларын жасауға көмектеседі. Дәл осы еңбекті қорғауға деген жауапты көзқарас Баутино жобасының командасына НКОК Н.В. (Қашаған, Батыс Ескене, Баутино) нысандары арасында ең үздік позитивті Safer үшін құрметті 3-орынды иеленуге мүмкіндік берді.
2016 жылдан бері West Dala NCOC мердігері – «KMG Systems & Services» ЖШС-мен серіктестік орнатқан. Өткен аптада серіктесіміз еңбекті қорғау саласындағы қауіпсіздік бойынша 4000 күн жұмыс уақытын жоғалтусыз және оқиғасыз өткізген әсерлі жетістігін атап өту үшін салтанатты іс-шара өткізді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша West Dala қызметкерлері Атырау қаласында, Мақат, Махамбет, Қызылқоға және Алмалы мен Береке ауылдық округтердегі жаңа жылдық қайырымдылық шараларына қатысты.
Ақтауда «West Dala» ЖШС-нің жоғарғы басшылығының қатысуымен көшпелі жұмыс жиналысы өтті. Онда Қошанай ҚЖК, Өзен ҚЖК және Баутино жобасының жылдық қорытындылары мен жақын арадағы өндірістік жоспарлары талқыланды.
БҰҰ Жаһандық шарты мен Қазақстандағы БҰҰ кеңсесі серіктестігінің аясында Климаттық амбициялар акселераторы бағдарламасының қорытындылары шығарылды. West Dala компаниясынан экологтар Айнагүл Сагиева мен Светлана Сатанова қатысты. Бағдарламаның елшісі Корпоративтік даму жөніндегі директор Диас Хабиев болды.
«West Dala» компаниясының «Қошанай» қалдықтармен жұмыс жасау кешеніне (ҚЖК) «Аманат» партиясының Атқарушы хатшысы Тәңғұл Қайрат Боқанұлы және Түпқараған ауданы мәслихатының төрағасы Нұғманов Айсғали келді.