ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

West Dala жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды! 1 қыркүйек — әрбір оқушы үшін жаңа үміттер, арман-мұраттар мен маңызды бастау. West Dala компаниясы дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, балаларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына жәрдемдесуде.  

Биыл көмек алғандар:

  • Көпбалалы отбасылардан шыққан қызметкерлердің 100 баласы — «Еркемай» дүкеніне 25 000 теңгелік сертификаттар;
  • Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округі әкімдігі аппаратының 10 баласы;
  • Атырау облысы Білім беру басқармасынан 10 бала;
  • Маңғыстау облысы Баутино ауылы әкімдігі аппаратының 5 баласы.

Біз білімді — болашаққа салынған инвестиция, ал балаларға қамқорлықты — қоғам дамуына қосқан ортақ үлес деп білеміз. Барлық оқушыларға жеңіл де табысты оқу жылын, жаңа білімді, жарқын ашылулар мен үлкен жеңістер тілейміз!

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.