West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.
Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.
Рамазан айында — мейірім мен жақсылық айында — west Dala кеңсе қызметкерлері игі іске бірікті.
West Dala қызметкерлері қалдықтарды өңдеу және циркулярлық экономика саласындағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне арналған GEFF бағдарламасы (ЕҚҚБ) вебинарына қатысты.
West Dala компаниясы Karachaganak Petroleum Operating B.V. ұйымдастырған «ЭКО Серіктестік» кезекті экологиялық форумына қатысты. Аталған іс-шара Бизнес-серіктестер басшылығының экологиялық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, кәсіпорындағы экологиялық бақылауды күшейтуге және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған.
West Dala компаниясы стратегиялық серіктесі — «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM (еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және мердігер ұйымдардың қауіпсіздігін басқару жүйесі) бойынша соңғы бағалау қорытындысы нәтижесінде өзінің жоғары деңгейін сәтті растады және ең жоғары баға — Grade A (96%) алды.
West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.
Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады. Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.
West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды.
Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.