Жабдықтар

  • Блоктік-модулдік кешен өндірістік сарқынды суларды және сұйық қалдықтарды, оның ішінде құрамында мұнайы бар, химиялық ластанған, құрамындай майы бар, жер асты, кермек суларды, бұрғылау және жаңбыр сарқынды суларын тазалауға арналған.
  • Флокуляциялық қондырғы құрамында мұнайы бар қалдықтарды, атап айтқанда мұнай шламын, бұрғылау ерітінділерін, сұйық және паста тәріздес құрамында мұнайы бар қалдықтарды және т.б. алдын ала тазалауға (өңдеуге) арналған.
  • «СММ-1СF» қондырғысы қолданыстан шыққан майларды әрі қарай өңдеуге дайындауға арналған. Бұл қондырғы физикалық-химиялық құрамы әр түрлі қолданыстан шыққан майларды арнайы сүзгілер көмегімен су мен механикалық қоспалардан тереңдете тазартуға мүмкіндік береді.
  • «KZ-1.0 UG PBS» қондырғысы қалдықтардың қауіпті түрлерін: мұнай қоқырын, мұнайлы топырақты, бұрғылау қоқырын, химиялық ластанған топырақты, қауіпті өндіріс қалдықтарын және т.б.
  • «УЗГ-1М» қондырғысы: майланған топырақтарды, мұнай шламдарын, бұрғылау шламдарын және құрамында мұнайы бар қатты жанғыш қалдықтарды (битум, парафин және т.б.) шламдық қоймаларды, резервуарлық сақтағыштарды, шламжинақтауыштарды және т.б. тазалау жұмыстары процесінде қалыптасатын, мұнай және мұнай өнімдерінің және т.б. апаттық төгілуін жоюмен байланысты өндірістік қалдықтарды өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған.
  • Инсинератор ИН-50.5М кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалыптасатын қалдықтарды, оның ішінде жарылғыш қаупі бар және радиоактивті қалдықтардан басқасын, уларды, прекурсорларды, улы заттарды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, химиялық заттар мен реагенттерді және т.б. экологиялық қауіпсіз түрде жоғарғы температурамен жағуға және зиянсыздандыруға арналған.
  • ИН-50.02 К медициналық қалдықтарды өртеуге арналған, 20 футтық стандартты контейнерге орнатылған.
  • К3-2,6 кешені қатты коммуналдық және өндірістік қалдықтарды, бұрғылау және мұнай өндірісінің қалдықтарын, уларды, прекурсорларды, улы заттарды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, химиялық заттар мен реагенттерді және т.б. экологиялық қауіпсіз түрде жоғарғы температурамен жағуға және зиянсыздандыруға арналған.
  • «Форсаж-2М» қондырғысы қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды, оның ішінде құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеуге арналған. Қондырғыда мынадай қалдық түрлері кәдеге жаратылуы мүмкін: пайдаланылған сүзгілер, майланнған шүберек, майланған ағаш үгінділері, пайдаланылған сорбенттер, қағаз және картон қалдықтары, лак бояу өндірісінің қатты қалдықтары, резеңкелі-мата және тоқыма қалдықтары, ҚТҚ, құрамында мұнайы бар қалдықтар, басқа да жанғыш материалдар.
  • RKB-0.5 роторлы инсинераторы экологияға қауіпсіз жоғары температурада залалсыздандыруға жəне жағуға арналған инсенератор: Сұйық қалдықтарды (соның ішінде химиялық қалдықтарды), мұнай шламын, майды жəне химиялық ластанған топырақты, бұрғылау шламын, майлы шламды жəне түбіндегі шөгінділерді жəне т.б.
  • УРЛ-2М термодемеркуризациялық қондырғысы барлық түрдегі люминесцентциялық шамдарды, ДРЛ түріндегі жоғары қысымды сынапты шамдардың оттықтарын, өнеркәсіп өндірісінің сынап толтырылған істен шыққан аспаптарының құрамында сынабы бар жабдықтарын (термометр, игнитрондар және т.б.), сонымен бірге сынаппен ластанған топырақтар мен сылақтарды термикалық демеркуризациялауға (сынаптан ажыратуға) арналған.
  • AVOS 1410 канальдық сыққышы сұрыпталған пластикті, картонды және қағазды брикеттеуге арналған.