2025 жылы «West Dala» ЖШС қызметкерлері SDG Innovation Accelerator for Young Professionals (Жас мамандарға арналған ТДМ инновациялар акселераторы) бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бұл – болашақ бизнес көшбасшылары мен өзгеріс енгізушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған тоғыз айлық қарқынды бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – компанияда Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге ықпал ететін озық технологиялар, бастамалар және бизнес-модельдер арқылы инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу болды. 2026 жылғы шілдеде БҰҰ Жаһандық шарты Еуропа, Азия, Скандинавия, Африка, Латын Америкасы және Орталық Азия елдерінің жобалары ұсынылған инновациялық шешімдер туралы есеп жариялады. Қазақстандық компаниялар арасында «West Dala» өзінің «WD Restart» жобасын таныстырды. Жоба авторлары: Масалимова Минара (бас технолог); Калиев Тимур (ҰИМТ АЭА жобалық менеджері); Айсултанов Тарас (Баутино жобалық менеджері).

Жоба командасы «WD Restart» жобасының шешуге бағытталған негізгі мәселесін былай түсіндірді: «Біздің жоба қалдықтар мен ағынды суларды дұрыс сақтамау, сұрыптамау және сәйкестендірмеу сияқты негізгі мәселені шешеді. Бұл олардың біртекті қасиеттерінің жоғалуына және қалдық паспорттарына сәйкес келмеуіне әкеледі. Нәтижесінде өңдеу тиімділігі төмендеп, экологиялық тәуекелдер артып, топырақтың, судың және ауаның ластануы күшейеді. Көптеген тапсырыс берушілерде қалдықтар пайда болған сәттен бастап оларды өңдегенге дейін қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін практикалық құралдар мен ұсынымдар жоқ, бұл қалдықтарды тұрақты басқаруды қиындатады.

Қалдықтар мен ағынды суларды бөлуді, тұрақтандыруды және қадағалауды жетілдіру арқылы жоба қоршаған ортаға тиетін әсерді азайтуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Қалдықтарды тиімді басқару таза суды қорғауға (ТДМ 6), ресурстар мен энергияны тиімді пайдалануға (ТДМ 7), тұрақты қалаларды дамытуға (ТДМ 11), жауапты өндіріс пен тұтынуға (ТДМ 12), шығарындыларды азайту арқылы климаттың өзгеруімен күресуге (ТДМ 13), теңіз экожүйелерін қорғауға (ТДМ 14) және құрлық экожүйелері мен топырақты сақтауға (ТДМ 15) септігін тигізеді.»

                            

Толығырақ:

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.