ҚЖК «ПРОРВА»

«Прорва» Құстар мекені”

West Dala компаниясының «Прорва» Қалдықтармен жұмыс жасау кешеніндегі (ҚЖК) тоғаны шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды басқару және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жасалған. Алайда, бұл тоған флора мен фауна үшін табиғи оазиске айналды. Оны шағалалар мен басқа да құстар мекендеп, жылы мезгілде ұя салып, балапан басып шығарады.

ҚЖК «Прорва» экологы Ислам Сағынбаев: Биыл бірнеше құс түрінің отбасылары ұя салды. Сонымен қатар кешен аумағына жабайы үйрек қоныстанды. Бұл байқаулар біздің қызметіміздің аумақтың биологиялық әртүрлілігіне теріс әсер етпейтінін және жабайы табиғат үшін қолайлы жағдайлар жасап жатқанымызды көрсетеді.

«Прорва» және «Теңіз» Қалдықтармен жұмыс жасау кешендеріндегі экологтар қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылаумен белсенді түрде айналысады. Олар судың және топырақтың сапасына үнемі талдау жүргізіп, әртүрлі процестердің экожүйеге әсерін бағалап, мүмкін болатын теріс әсерлерді азайту шараларын әзірлейді. Олардың жұмысының маңызды бөлігі табиғи ресурстарды сақтау және қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

 

                                                   

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.