ҚАЙТА ӨҢДЕУ КҮНІ

18 наурызда Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

Бұл күн қалдықтардың өмірлік циклдің аяқталуы емес, керісінше, оның құнды шикізат екенін еске салады. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және кәдеге жаратудың сауатты жолға қойылған процестері қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және жауапты өндірісті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

West Dala үшін қайта өңдеу — бұл жүйелі жұмыс, нақты регламенттер және серіктестер алдындағы күнделікті жауапкершілік. Біз орнықты даму нақты іс-әрекеттерден: стандарттарды сақтаудан, ашық процестерден және экологиялық мәдениет деңгейін тұрақты арттырудан басталатынына сенімдіміз.

Әріптестеріміз бен серіктестерімізді Дүниежүзілік қайта өңдеу күнімен құттықтаймыз! Кәсібилік, тәртіп және командалық жұмыс саланың әлеуетін нығайтып, экологиялық жауапкершіліктің жоғары стандартын қалыптастыра берсін.

                                            

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.