ЖЕР САҒАТЫ

25 Наурызда WEST DALA Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен бүкіл әлемде өткізілетін «Жер сағаты» ең жаппай экологиялық акциясына қосылды. 2023 жылы Қазақстандағы «Жер сағаты» елдің табиғатын сақтаудың маңыздылығы тақырыбына орайластырылды.

Дәл бір сағатқа, 20.30-дан 21.30-ға дейін ҚБК, ҚӨжОКП, «Прорва» ҚЖК, «Өзен» ҚЖК, «Қошанай» ҚЖК нысандарында «Жер Сағаты» акциясына қатысу үшін электр қуатын өшірді. Мұндай символдық әрекет-табиғатқа ұқыпты қараудың экологиялық шақыруының бір түрі. Барлық адамдар планетаны қоқысқа тастауға байланысты мәселелерге жауап береді. Экологияны сақтау үшін әдеттерімізді өзгертейік!

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.

Жаңа жыл қарсаңында West Dala компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарының 570 баласын құттықтады.  Мүгедек балаларды қолдау қорының, «Беркан» ми орталығының, Ю. А. Гагарин атындағы мектебінің  қамқорлығындағылар, сондай-ақ Алмалы ауылдық округінің, Түпқараған, Мақат, Махамбет және Қызылқоға аудандарынан келген балалар жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік көңіл-күй алды.

West Dala компаниясы 2023 жылы тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең ірі халықаралық бастама — БҰҰ-ның Жаһандық шартына (Global Compact) қосылды.

Биыл West Dala компаниясы өзінің 20 жылдық мерейтойына орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Алайда нағыз мерейтой лайықты түрде аталып өтуі тиіс, сондықтан 5 желтоқсанда өткен бизнес-кеште біз West Dala компаниясының 20 жылдығын осы жолда бірге болған әріптестерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен атап өттік. Н. Ө. Балғымбаев атындағы коммуникациялар дамыту орталығында шамамен 100 қонақ жиналып, компанияның қалыптасу жолын еске алып, жетістіктерімізді бірге атап өтті.