West Dala компаниясы үшінші жыл қатарынан парниктік газдар шығарындыларын халықаралық GHG Protocol стандартына және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларын реттеу бөлігіндегі экологиялық заңнама талаптарына сәйкес бағалап келеді.
Биыл West Dala компаниясының нысандары халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қайта қатысты. Акцияны қолдау мақсатында 20:30-дан 21:30-ға дейін ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз», «Өзен», «Қошанай» нысандарында сыртқы және ішкі жарық көздерін өшіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын еске салды.
Бұл бастама – жай ғана символикалық әрекет емес, әрқайсымызға планетамыздың болашағына қамқорлық жасаудың кішігірім істерден басталатынын еске салу. Акцияға қосылған және экологиялық жауапкершілік құндылықтарын бөлісетін барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!
.jpg)