ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР

West Dala балаларды жаңа жылдық сыйлықтармен қуантуды жалғастыруда. Жақында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылынан мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар біздің 40 фирмалық тәтті бокс алды. Сыйлықтар әкімдікке келген балаларға Баутино ауылының әкімі Еркебұлан Қуанышқалиұлы Жеткізгеновпен және біздің әріптесіміз, жоба менеджері Тарас Айсұлтановпен табысталды. Қалған балалар West Dala компаниясының жаңа жылдық көңіл-күй тілектерімен бірге атаулы сыйлықтар алды.

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.