Жаңа жылдық көңіл-күй

West Dala компаниясы жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды: Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданы, Құрық ауылы мен Жетібай ауылындағы ерекше балаларға біздің компаниядан 100 тәтті сыйлық табыс етілді. Кеше аудан әкімі Сымбат Торетаев Қарақиян аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтарын өзі табыстап, барлық балалардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Сонымен қатар, ол балалар ұстаздары мен тәрбиешілеріне алғысын білдірді.

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.