ЖАҢА РЮКЗАКТАР - БІЛІМ

Бүгін Қазақстанның барлық оқушылары партаға отырды, оның ішінде Маңғыстау облысындағы біздің шәкірттеріміз де бар. Білім күні қарсаңында «Ай – Шуақ» қоғамдық қайырымдылық қоры басшысының хаты негізінде West Dala компаниясы аз қамтылған отбасылардан шыққан он балаға көмек көрсетті. Әр бала қажетті мектеп керек-жарақтары бар рюкзак алды. 1 қыркүйек қарсаңындағы мұндай қолдау West Dala компаниясы үшін игі дәстүрге айналуда. Оқушыларға қызықты әрі танымды мектеп өмірін тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.