МАРАФОН

Тамыз айының соңында Атырауда «Жаңа Қазақстан – терроризмге жол жоқ!» лозунгымен 10 км қашықтықта жүгіруден марафон өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының Конституция күнінің аясында ұйымдастырылды. Біздің компания үшін марафон 3-ші орынға ие болған Гаухар Бекетаеваның жеңісімен есте қалады! Біз әріптесіміздің жетістіктерін көптен бері бақылап келеміз және осы жылы бұл оның үшінші жарысы екенін атап өткен жөн. «Мен туған қаламыздағы және одан тыс жерлердегі мұндай іс-шараларды өткізіп алмауға тырысамын. Мен үшін «West Dala» компаниясының атынан шығу үлкен мәртебе.

Компания мені жеңістерім үшін қолдап, ынталандыратынына өте қуаныштымын. West Dala-да жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын», - дейді Гаухар.

Алдағы уақытта спорттық жеңістер тілейміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.