ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КҮНІ

West Dala аға буынды қолдайды.Қарттар күні қарсаңында West Dala компаниясы Атырау облыстық мүгедектер қоғамына көмек көрсетті. Қарт адамдарға ұн, қант, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, күнбағыс майы, шай, қаймақ, түрлі макарон және жарма түрлері, тауық еті, бәліштер мен тәттілерден тұратын азық-түлік себеттері табысталды. Компания қызметкерлері шын жүректен құттықтап, денсаулық, ұзақ ғұмыр және жақындарының қамқорлығын тіледі. Аға буынды қолдау және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру — West Dala корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі.

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.