ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАБЫЛДАУ

НКОК Н.В. компаниясы Баутино базасындағы экологы Гүлім Курманова атынан, Вест Дала компаниясының қызметкері Мендеш Калиға, «Қалдықтарды басқару. Баутино базасындағы қалдықтарды сегрегация» тақырыбындағы ДЕҚОҚ бойынша семинарға белсене қатысқаны үшін алғыс білдірді.

«Ол қазақ тілді тыңдаушылар үшін Баутинодағы қалдықтармен жұмыс істеу бойынша талаптарды және күнделікті қызметтегі экологиялық аспектілермен байланысты тақырыпты өте жақсы аша білді. Біздер бастамалары үшін және қоршаған ортаның проблемаларымен байланысты өте пайдалы ақпаратына өте ризамыз. Сіздерге және Сіздердің командаларыңызға кез келген уақыттағы ынтымақтастықтарыңыз үшін зор рахмет.» – деп хабарлады өзінің хатында Гүлім.

Компанияның басшылығы да ерекше көзге түскен өз қызметкеріне алғыс білдіреді және бұл жағымды жаңалық басқа қызметкерлерге де үлгі, мотивация болады деп есептейді!

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.