Қызметкерлерге алғысымыз

НКОК Н.В. компаниясы «West Dala» «Вест Дала» ЖШС–нің супервайзері Самат Сарсенгалиевқа кезекті рет рахмет айта отырып, құрамында прифорлық қосылыстары бар қауіпті қалдықтар бойынша НКОК-Баутино теңізден қолдау базасының айлағындағы кемшіліктердің анықталғаны және оның соңы барлық жүргізіліп жатқан кемшілікті жұмыстардың тоқтатылғаны үшін өздерінің ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

НКОК Н.В. басқарушы директоры Ричард Хоув Саматпен жеке әңгімелесу барысында өзінің алғысын білдіре отырып, оның қырағылығының жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Баутино базасының басшылық құрамы алғыс ретінде «Алтын Safe-R» сыйлығымен марапаттау рәсімін өткізіп, Самат Сарсенгалиевқа ескерткіш сыйлық тапсырды.

Саматтың қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қосқан өлшеусіз үлесі үшін, кемшіліктер мен апаттарды болдырмағаны үшін, жұмыс орнындағы этика үлгісі үшін НКОК Н.В. тарапынан бірнеше рет алғыс алғанын атап өткен жөн.

«West Dala» «Вест Дала» компаниясы Саматтың жетістіктерімен мақтанады және өздерінің шын жүректен ризашылықтарын білдіреді.

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.