West Dala КазСервис қатарына қосылды

КазСервис – міндеті бұл сала мәселелерін біріге шешу үшін отандық компанияларды біріктіру болып табылатын, Қазақстанның мұнай сервистік компанияларының одағы.

КазСервис күш біріктіре отырып, елдің профильдік бизнес жүргізілетін аймақтарында оның қатысушыларының мүддесін білдіруді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен белсенді және жемісті ынтымақтастықта болуды ұсынады. КазСервис ҚР Энергетика министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігімен және Қазақстандық келісім-шарт агенттігімен өзара әріптестікте әрекеттеседі.

Бүгінгі таңда еліміздің мұнай сервисінде 2000 астам компаниялар бар, оларда 200 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Казсервистің мәлімдемесі бойынша әлемдік мұнай нарығында жуық айларда жағдай жақсармайды, осыған байланысты мұнайгаз саласындағы жұмыс орындарының босап қалу тәуекелі сақталып отыр. Оның ішінде бұл жобалардағы жұмыстардың аяқталуына және мұнайгаз компанияларының бюджетінің қысқаруына да байланысты. Жұмыс орындарын мүмкіндігінше сақтау және аймақтардағы әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін Казсервис бірқатар ұсыныстарды алға тартты, олар одақтың басқа қатысушылармен бірге қарастырылуда.

WestDala компаниясы  КазСервиспен қалдықтарды басқару саласындағы мұнай сервисіне қатысты мәселелер бойынша белсенді жұмыс жасауға ниетті.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.