ВОЛОНТЕРЛІК

Өткен жексенбі, 30 наурыз күні, West Dala компаниясының еріктілері «Атамекен Эко» қоғамдық қоры ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысып, «Отбасы» саябағында ағаш отырғызу шарасына атсалысты. «Біздің әріптестеріміз өзге де белсенді азаматтармен бірге көшеттер отырғызып, ағаштарды әктеп, саябақты жасылдандыруға көмектесті», – дейді West Dala компаниясының тұрақты сенбілік қатысушысы Куангали Елубаев.

Біздің еріктілер мұндай экологиялық бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді, өйткені сүйікті қаламыздың болашағы атыраулықтардың өз қолында. Акцияға қатысқан барлық жандарға экология мен таза болашаққа қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!

 

            

           

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.