ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

Шілде айында ББЖ қайта сертификаттау аудитінің қорытындылары бойынша ұсыныстарды орындау аясында «Тәуекелдерді басқару» тақырыбында оқыту өтті.

Тренингке West Dala компаниясының бөлім басшылары мен өндірістік учаске жетекшілерінен құралған 16 қызметкер қатысты.
Intertek өкілі — Уиллмот Саним Нұрсафақызы — оқыту барысында жұмыстарды жоспарлау және өндірістік процестердегі тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ компания бизнесіндегі жалпы тәуекелдерді саналы басқару арқылы азайту жолдары туралы айтты.

Комплаенс бөлімінің бастығы Жанболат Елубаев:
— Семинар өткізу бөлімдер деңгейінде тәуекелдерді жоспарлау, бағалау және азайтуға қатысты тәсілдерді бірыңғай түсінуді қамтамасыз етті. Барлық басшылар тәуекелдерді бағалау және басқару саласындағы озық тәжірибелермен, сондай-ақ ISO 31000 стандарттарымен танысты. Осылайша, күнделікті операциялық қызметте тәуекелдерді басқарудың жүйелі тәсілін енгізуге негіз қаланды.

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.