ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЕСЕП

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2024 жыл 30 қаңтар                                                                                              Атырау қ.

West Dala қалдықтарды басқару компаниясы алғаш рет

Орнықты даму туралы есебін ұсынды

«West Dala» ЖШС, Қазақстанның қалдықтарды кешенді басқару саласындағы кошбасшы компанияларының бірі, Орнықты даму жөніндегі алғашқы есебін жариялады, онда бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқару, экология, көміртегі ізін бағалау, еңбек ұжымын басқару және 2022 жылғы қызметтің басқа да бағыттары саласындағы маңызды тақырыптар, көрсеткіштер мен оқиғалар көрсетілген. Айта кету керек, бұл компанияның Қазақстандағы қалдықтарды басқару саласындағы алғашқы есебі.

 «West Dala» ЖШС Бас директоры Қайрат Салахаденов: «Біздің Компания бизнесті жауапкершілікпен жүргізу қағидаттарын ұстанады және озық халықаралық стандарттарға сай болу үшін өз қызметінде ESG-трансформациялауды жалғастыруға ниетті. Біз ESG-дің қызметкерлермен, клиенттермен, іскери серіктестермен, инвесторлармен және қатысу аймақтарының тұрғындарымен ұзақ мерзімді және болжамды қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын нақты түсінеміз. 2023 жылы «West Dala» ЖШС БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болды. ESG-рейтингін алумен қатар, мүдделі тараптарды орнықты даму саласындағы нәтижелеріміз, мүмкіндіктеріміз бен тәуекелдеріміз туралы, оның ішінде орнықты даму саласындағы жыл сайынғы егжей-тегжейлі есептілікті жариялау арқылы тұрақты хабардар ету практикасы енгізілді. Біз басқарудың өндірістік тиімділігі мен сапасын арттыру, экологиялық әсерді азайту, қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін, кәсіби дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс істейтін боламыз».

Орнықты даму туралы есеп 2021 жылғы редакциядағы Global Reporting Initiative (GRI) стандарттарына сәйкес дайындалды. Онда «West Dala» ЖШС-нің БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі ашылып көрсетілді, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірқатар талаптары және қаржылық емес және климаттық ақпаратты ашуға TCFD ұсынымдары ескерілді. Алдағы уақытта «West Dala» ЖШС жаһандық стандарттар негізінде қаржылық емес есептілікті жыл сайын жариялауды жоспарлап отыр.

2022 жылғы Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінімен «West Dala» ЖШС ресми сайтындағы «Орнықты даму» бөлімінде келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.westdala.kz/kz/-27/.

 

Қосымша ақпарат:

«West Dala» ЖШС қалдықтарды кешенді басқаруды, озық халықаралық және отандық тәжірибені енгізе отырып, 2005 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Компанияның Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы полигон мен мамандандырылған жабдықты қоса алғанда, қалдықтарды басқару бойынша 7 ірі кешені бар. 2022 жылы West Dala компаниясы «Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бойынша көшбасшы» қазақстандық қоғамдық сыйлығымен марапатталды.

 

«West Dala» ЖШС баспасөз қызметі

wdprmanager@westdala.kz

+7 701 734 70 55

www.westdala.kz

Толығырақ:

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады. 

West Dala компаниясы Х. Досмұхамедов атындағы университеттің экология факультетінің студенттері үшін «Қалдықтарды тиімді басқару: жіктеуден кәдеге жаратуға дейін» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Атырау қаласындағы Happy Choice мектебінің 2«А» сынып оқушылары алғаш рет West Dala компаниясының ҚБК өндірістік нысанына барды. Мұндай ерекше экскурсияның мақсаты – 2-сынып оқушылары Балғымбаев Альтаир мен Байбосын Балис жүргізіп жатқан «Менің қаламның экологиялық мәселелері» атты зерттеу жұмысы болды.

Биыл Көлік қызметкерлері күні 26 қазанға сәйкес келді. Біз West Dala компаниясының көлік бөлімі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Бұл мереке көлік жұмысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін барлық мамандарды біріктіреді — бұл біздің компанияның тұрақтылығы мен тиімділігінің негізі.