«ТИІМДІ КОМАНДА» КОРПОРАТИВТІК ТИМБИЛДИНГІ

«Вест Дала» ЖШС өз қызметкерлері арасында қызметкерлерді тиімді басқарудың құралын практикада қолдану, ұжымда ішкі байланысты орнату және нығайту, тілектестік аурасын қалыптастыру, командадағы өзара қолдау мен өзара әрекеттестікке арналған, «Тиімді команда» корпоративтік тимбилдингін ұйымдастырды.

Аталған шараның бағдарламасы бірнеше бөлімдерден тұрды:

  • Компания туралы таныстыру , мұнда 2013 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталып, сонымен қоса 2014 жылғы даму жоспарлары да сөз болып өтті.
  • Көшбасшылық қасиеттерімен көрінген бастамашыл қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік берген интерактивтік ойындар.
  • Қалыптасқан командалар арасында салауатты бәсекелестікті көрсететін боулинг спорттық ойыны.

  

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.