ТАЗАЛАУ

Маусым айында West Dala қызметкерлері ТШО-ның бизнес-серіктестерімен және ТШО қызметкерлерінің өзімен бірге Сарықамыс трассасы бойында және бұрынғы солтүстік күзет бекетінің (COVID-19) аумағында тазалауға ерікті түрде қатысты.

ТК туралы қысқаша нұсқаудан кейін еріктілер желмен шашыраған қоқысты жинауға кірісті. Сенбілікке қатысқан 400 адам 2 сағат ішінде 80 гектарға жуық аумақты тазалап, 3 тоннадан астам қоқыс жинады! Атқарылған жұмыс үшін алғыс ретінде қатысушыларға ТШО атынан шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.

Осы іс-шараның нәтижелері ТШО мен бизнес-серіктестер қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын нақты түсіне отырып, табиғатты қорғайтынын көрсетті. Теңіз кен орны аумағындағы қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату, қоршаған орта мен экологияның жай – күйін жақсарту-баршаның ортақ міндеттемесі бар.

 

                  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.