ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!

«ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» сенбілік марафоны аяқталды! Қорытынды эстафетаны ҚӨЖОКП мекемесі қабылдады. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан кейін сенбілікке қатысушылар тазалыққа кірісті. Полигон аумағының бұдан да таза болуы үшін барлығы барын салды.

West Dala-да мұндай санитарлық шараларды өткізу дәстүрге айналған және бұл олардың нысандарына қатысты ғана емес қамқорлықтың көрінісі. Туған жердің экологиялық амандығы әрқайсымызға байланысты екенін түсінеміз! Табиғатты бірге аялайық!

 

                             

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.