ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!

«ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» сенбіліктердің маусым марафоны West Dala нысандарында жалғасады!

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында «Прорва» ҚЖК қызметкерлері эстафетаны «Теңіз» ҚЖК әріптестерінен алған болатын. Прорвадан кейінгі кезекті сенбілік «Қошанай» ҚЖК-інде өтті. Күткендей, инженерлік-техникалық құрам мен қызметкерлер үшін тазалық жұмыстарының алдында арнайы қауіпсіздік нұсқауы өткізілді, содан кейін жұмыс қайнап кетті! Санаулы сағаттардың ішінде Қошанай кешенінің абаттандырылған аумағы бұрынғыдан да тазара түсті! Жиналған он қап қоқыс пен қалдық түрі бойынша бөлініп, кәдеге және қайта өңдуге жаратуға жіберілді.

«ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» эстафетасы «Өзен» ҚЖК нысанына тапсырылды, біз сізге бұл оқиға туралы міндетті түрде айтып береміз. Біздің жаңалықтарды бақылаңыз!

  

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.