ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!

«ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» атты сенбілік өтті.

Дәстүр бойынша, жаңа көктем маусымының басында West Dala нысандарында қоғамдық жұмыс күндері өтеді. Биылғы жылы «Теңіз» ҚЖК-де және оған іргелес жатқан бүкіл аумақта инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың қатысуымен осындай іс-шара сәуір айында өтті. Қара-Арна жолының екі жағында, Базаның ішінде де, сыртында да тазалық қамтамасыз етілді.

Сенбілікке дейін қауіпсіз жұмыс қағидаттарына сәйкес қауіпсіздік ережелері, оның ішінде шаян, өрмекші, жыланның қауіптілігі туралы мақсатты брифинг өткізілді. Қатысушылар төрт адамнан 8 топқа бөлініп, жұмыс қыза бастады! Жалпы сенбілікте қоқыс пен қалдықтар жиналып, түрлері бойынша бөлініп, өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберілді.

Сенбілікте компанияның басқа нысандары үшін «ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» челленджі басталды: «Теңіз» ҚЖК эстафетаны «Прорва» ҚЖК-не тапсырады.

                      

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.