СЫЙЛЫҚТАР СЫЙЛАЙМЫЗ!

Балаларды қорғау күніне орай, West Dala компаниясы Атырау облысы Алмалы ауылдық округі ұйымдастырған қайырымдылық акциясына қатысты.

Жаздың бірінші күні, кенттің Мәдениет үйінде, West Dala компаниясының салтанатты іс-шарасында 19 мүгедек балаға дамытушы ойындар мен пайдалы сыйлықтар берілді: үстел хоккейі бар жиынтықтар, магниттік конструкциялар, мольберттер және тағы басқалар.
Компания қызметкерлері ұжым атынан жылы лебіздерін білдірді, ал балалардың ата-аналары олардың өміріне назар аударғаны ​ үшін барлығына алғыс білдірді. Алмалы ауылдық округінің әкімі Ғ.Аухадиевадан West Dala ЖШС директоры Қ. Салахаденовке Алғыс хат берілді.

 

    

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.