СТУДЕНТТЕР

Студенттер – біздің болашағымыз. 

3 қыркүйек күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Қалдықтарды басқару” бағдарламасының бірінші курс студенттерінің «West Dala» ЖШС, Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және «Спецавтобаза» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті. Адаптациялық бағдарлама аясында студенттер сарапшылармен сұхбаттасып, әрбір кәсіпорынның презентацияларымен танысты. 

Экология кафедрасының меңгерушісі Мансия Есенаманова кездесуде былай деді: біздің компаниямен серіктестік екі жыл бұрын басталған. Университет пен «West Dala» ЖШС мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында биылдан бастап “Қалдықтарды басқару” атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. 

«West Dala» ЖШС-нің АРжӨҚ бөлімі бастығы Сағытжан Уралбаев бағдарламаның алғашқы студенттерін құттықтап, былай деді: Білім беру бағдарламасын енгізу – қалдықтарды кешенді басқару саласындағы мамандарды даярлаудың маңызды қадамы, себебі еңбек нарығында осы салада білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Сіздердің экологиялық басқару болашағына сенімді үлес қосатыныңызға сенемін. 

Бұл бастама студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, қалдықтарды басқару саласындағы олардың біліктілігі мен кәсібилігін арттыруға ықпал етеді.

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.