БОЛАТ БАЙШИГАНОВ, Қалдықтарды басқару жөніндегі суперинтендат, НКОК

2019 жылғы экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес пайдаланылған майды бөлек қабылдау бойынша атқарылған маңызды жұмысты атап өткім келеді. Басынан бастап West Dala бұл мәселе бойынша республиканың басқа өңірлерінде пайдаланылған майды жинау бойынша жинақталған тәжірибесі бар техникалық майдың қазақстандық ірі өндірушісіне жүгінді. Ең үздік техникалық шешімдерді талқылай отырып, компания мамандарымен және басшыларымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

НКОК компаниясы тарапынан өз объектілерінің ішінде пайдаланылған майды жинау, сақтау және тасымалдау процесіне қатысты консультациялық кеңестер мен пайдаланылған май тікелей түзілетін жұмыс алаңдарымен кездесулер өткізе отырып, өзгерістер енгізілді. 3-4 ай ішінде компанияда пайдаланылған май түрлерін дұрыс жинау жүйесі енгізілді. Өз кезегінде, пайдаланылған май сапасы мен процессті жақсарту мақсатында West Dala компаниясы пайдаланылған майды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан тазарту қондырғыларын сатып алып, орнатты.

Компания менеджментінің операциялық және техникалық мәселелерді жоғары кәсіби деңгейде шешуге дайындығын атап өткім келеді.

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.