СЕНБІЛІК

Ретро-парктағы сенбілік  

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Өткен аптада Ретро-паркте кезекті «Таза парк» акциясы өтті, оған түрлі ұйымдардан 250 қызметкер, соның ішінде West Dala компаниясының жұмысшылары қатысты.

«Біздің ұжым әрдайым мемлекеттік органдардың осындай экологиялық акцияларға қатысу туралы шақыруларына үн қосып, Атырауды одан әрі таза және жасыл етуге атсалысады», - деп атап өтті әріптесіміз Қуанғали Елубаев, ол мұндай іс-шараларға үнемі белсенді қатысады. Жарты күннің ішінде көптеген пайдалы жұмыстар атқарылды: саябақ аумағы суарылып, газон төсеуге және суару жүйесін орнатуға дайындалды.

Сонымен қатар, қатысушылар балалар алаңын және қоқыс жәшіктерін тазалап, шамамен 50 тонна қоқыс жинады.

Қаламыз әрдайым таза және көрікті болсын!

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.