СЕНБІЛІК

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы тарихи орындар мен табиғи ескерткіштерге арналған «Киелі мекен» («Қасиетті жер») жоспарына сәйкес West Dala компаниясының қызметкерлері биылғы жылдың сәуір айында Кендірлі аумағында сенбілік өткізді. Қажет құралдарды алып, «Өзен» ҚЖК-дегі және Маңғыстаудағы әріптестеріміз теңіз жағалауының үлкен аумағын тазартты. Компаниядан жүк тиегіш пен самосвал көлік беріліп, ол жарты күн ішінде көбіне целлофан пакеттері мен бос пластик бөтелкелерден тұратын қатты тұрмыстық қалдықтарға толып қалды. Акция ұйымдастырушыларымен келісім бойынша барлық қалдық қалалық қоқыс үйіндісінің аумағына шығарылды.

Мұндай сенбіліктер жыл сайын түрлі табиғи аумақтарда өткізіледі және біздің әріптестеріміз қашан да алдыңғы қатарда қалмай қатысып отырады. Біз туған жерімізді жақсартуға ат салысудамыз, сондықтан да - «Тазаланған емес, ласталмаған жер – таза» екендігін еске салғымыз келеді. Серуенге шыққанда өз қалдығыңызды қалдырмауды ұмытпаңыз. Жерімізді болашақ ұрпақ үшін сақтайық!

                                

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.