SDG Ambition

2024 жылдың 28 наурызында West Dala компаниясы БҰҰ-ның сарапшылары компаниялардың стратегиялық және операциялық қызметіне 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) біріктіріп, қолдануға әзірлеген білім беру курсы – SDG Ambition бағдарламасына қатысуын аяқтады. Бұл бағдарлама алғаш рет Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылып, үлкен қызығушылық тудырды - акселераторда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 компанияның 100-ден астам өкілі қатысты. Нәтижесінде 31 компанияның 62 өкілі оқуын сәтті аяқтай алды. Өткен шарада барлық өкілге БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты координаторы Микаэла Фриберг-Стори ханым мен Қазақстандағы БҰҰ-ның жаһандық шартының елдік координаторы Динара Сейджапарова ханымның қолынан БҰҰ-ның жаһандық шартының сертификаттары табыс етілді. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл теңсіздікпен күресуге, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл халық үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық қабылданған мақсаттар. Акселераторға қатысу ESG трансформациясын ілгерілетуге және Тұрақты даму мақсаттарын West Dala компаниясының операциялық қызметіне біріктіруде көмектесуге арналған, бұл шара өз кезегінде қаржылық көрсеткіштерді жақсартып, инвестициялық тартымдылықты арттырады.

 

                            

Толығырақ:

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады. 

West Dala компаниясы Х. Досмұхамедов атындағы университеттің экология факультетінің студенттері үшін «Қалдықтарды тиімді басқару: жіктеуден кәдеге жаратуға дейін» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Атырау қаласындағы Happy Choice мектебінің 2«А» сынып оқушылары алғаш рет West Dala компаниясының ҚБК өндірістік нысанына барды. Мұндай ерекше экскурсияның мақсаты – 2-сынып оқушылары Балғымбаев Альтаир мен Байбосын Балис жүргізіп жатқан «Менің қаламның экологиялық мәселелері» атты зерттеу жұмысы болды.

Биыл Көлік қызметкерлері күні 26 қазанға сәйкес келді. Біз West Dala компаниясының көлік бөлімі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Бұл мереке көлік жұмысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін барлық мамандарды біріктіреді — бұл біздің компанияның тұрақтылығы мен тиімділігінің негізі.