САЙТҚА КІРУ

West Dala компаниясының ҚБК нысанына жұмыс сапарымен «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КМ сараптамалық комиссиясының делегациясы келді. Сапардың мақсаты — Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің өндірістік тәжірибе базасын бағалау. Айта кетейік, бұл бағдарлама экология кафедрасында West Dala компаниясының мамандарының белсенді қатысуымен әзірленген болатын.

ҚБК аумағында тәуелсіз сарапшылар студенттердің тәжірибеден өтуіне жасалған жағдайлармен танысты. Ерекше көңіл қауіпсіздік мәселелеріне, техникалық жабдықталуға және кәсіби даярлау талаптарына сай практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне бөлінді. Сонымен қатар, комиссия сапары аясында бір күн бұрын West Dala компаниясының экологы Айнагүл Сағиева НКОК Н.В. және “Терен Ой” ЖШС өкілдерімен бірге сарапшылармен кездесу өткізіп, компаниялардың білім беру үдерісіне қатысуы туралы баяндады.

Білім беру мекемелерімен осындай өзара іс-қимыл — экологиялық менеджмент және қалдықтарды тұрақты басқару саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам.

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.