САБАҚ САҒАТЫ

Таза болашаққа бастар кішкентай қадамдар. Жуырда Binom мектебінде пластикалық қалдықтарға ұқыпты қарау тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 3-сынып оқушылары бөтелке мен банка қақпақтарын жинап, олардан нағыз кілем мен түрлі бұйымдар жасады.

West Dala компаниясы бұл бастаманы қолдап, сабаққа қажет пластикалық қақпақтарды ұсынды. Балалар зор қызығушылықпен екінші шикізаттан да әдемі әрі пайдалы нәрсе жасауға болатынын көрсетті. Экологиялық тәрбиенің осындай қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан басталатынына сенеміз.

Суретте — әріптесіміздің ұлы және Binom мектебінің оқушылары.

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.