ПАРЫЗ 2016

«Вест Дала» ЖШС “Парыз 2016” бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсында «Экологияға қосқан үлесі» үшін номинациясы бойынша қатысты.

Аталған номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларын жүзеге асыруда ерекшеленген үміткерлердің қызметі қарастырылады. “Парыз ” бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің қоғам алдындағы халықтың тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жыл сайын аймақтық және республикалық деңгейде мына номинациялар бойынша өткізіліп отырады:
1) «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын»;
2) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»;
3) «Үздік ұжымдық шарт»;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.