ӨНІМДІ ТАЗАЛАУ!

West Dala компаниясының қызметкерлері Атамекен Эко ҚҚ ұйымдастырған «Таза пикник» науқанына қатысты. Компания қоқысты жинау және шығару үшін өзітүсіргіш көлік пен тиеуіш берді.

West Dala қызметкерлері тобы демалушылар тастап кеткен пластиктен, шөлмектерден және басқа да қоқыстан аумақты тазарту үшін Талқайранға жолға шықты. Вестдалалықтардың айтуынша, тазарту жұмыстарына қыруар күш пен уақыт жұмсалса да, Талқайрандағы қоқыстың көлемі әлі де көп. Мұндай науқандарды апта сайын өткізу қажет: жағалау маңы аймағы адам аярлық күйде. Дем алғаннан кейін қалған қоқысты жинап кетуге үндеу Атырау тұрғындары үшін өте өзекті. 

West Dala – қалдықтарды кешенді басқару саласындағы компания. Біз өнеркәсіптік ауқымда ғана емес, өңіріміздегі әрбір адам, тұрғын деңгейінде де қалдықтарды дұрыс пайдалануды дәріптеуді қолдаймыз!  

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.