НАУРЫЗ 2016

Биылғы жылы «West Dala» ЖШС-де «Наурыз мейрамын» тойлау ерекше және есте қаларлықтай болды. Мерекелік шаралар 21 және 22 наурыз күндері болып өтті. Мерекенің бірінші күнін компания ұжым мүшелерімен тойлап өтсе, ал екінші күнін NCOC N.V. компаниясының шақыруы бойынша NCOC N.V. қызметкерлеріне және оның барлық мердігер ұйымдары үшін ұйымдастырылған «Наурыз мейрамын» тойлау шарасына қатысты.

21 наурыздағы «Наурыз мейрамын» тойлау кезінде біздің компанияның қызметкерлері өздерінің барлық өнерлерін, күштерін, сонымен бірге ұжымның ынтымақтастығы мен бірлігін көрсете білді. Мерекені тойлау компанияның кеңсесіне іргелес жатқан аумақта өтті, ол жерге қарапайым киіз орнатылды. Киіз үйдің ішіне компания қызметкерлерінің өз қолдарымен дайындалған мерекелік дастархан жайылып, барлық ұжым мүшелері ұлттық нақышқа толы киімдер киіп жүрді. Мерекені тойлау кезінде ұжым мүшелері қазақ халқының «Беташар», «Бесік той» сияқты кейбір дәстүрлерін өз беттерінше көрсетуге тырысты. Сонымен бірге компанияның ер және әйел қызметкерлері арасында армреслинг бойынша және ерлер арасында кір тасын көтеру бойынша спорттық жарыстар болып өтті.

NCOC N.V компаниясының «ИСКЕР» компаниялар тобы», Alma East West, YKK және басқа да компаниялар сияқты мердігер ұйымдарымен бірге 22 наурызда біздің компания үшін «Самал» қалашығында арнайы алаңқай бөлінді. Біздің компанияның қызметкерлері қонақтарды мерекелік көңіл-күймен, қазақы әнмен, бимен, мерекеге жайылған дастарханмен, ұлттық сусын «Наурыз көжемен», бауырсақпен қарсы алды. NCOC N.V басшылығы мерекелік шараның қатысушылары мен ұйымдастырушыларын және барлық Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік сахнада және оған іргелес жатқан аумақта концерт ұйымдастырылып, ұлттық д»стүрлер мен салттар көрсетілді. NCOC N.V басшылығы Наурыз мерекесін тойлауға белсенді қатысқан мердігер компаниялар үшін естелік сыйлықтар тапсырды.

  

  

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.