МАРАПАТТАУ

Біздің қызметкерлер – үздіктер қатарында! Теңіз ККЖ жобасындағы West Dala компаниясының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ менеджерлері Абай Нұрмұхамат пен Руслан Бердікуловтың жұмысын ТШО басшылығы жоғары бағалады. Оларға «TCF демобилизациясы» (уақытша ғимараттар мен құрылыстар) бригадасының құрамында қауіпсіздіктің тұрақты стандарттарына белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін сертификаттар мен қола медаль табыс етілді. Бұл жоба әртүрлі нысандарды, соның ішінде жер асты электр кабельдерін демобилизациялау жұмыстарының көп бөлігін қамтиды, бұл жұмыс жоғары қауіпсіздікті қажет етеді. Біздің әріптестеріміз де TCF жобасының Бағдарламалық менеджеріне марапат медалі мен сертификаттарды алғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді: «Бұл біздің еңбектің бағаланғанын және команданың жоғары нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді. Сіздің қолдауыңыздың біздің жетістікке жетуімізге үлкен әсері бар және болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз».

 

Толығырақ:

Шілде айында ББЖ қайта сертификаттау аудитінің қорытындылары бойынша ұсыныстарды орындау аясында «Тәуекелдерді басқару» тақырыбында оқыту өтті.

West Dala қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергия көздері бойынша ең ірі Еуразиялық форум — GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM (GEWR) серіктесі болды. Компаниямыз 20 жылдығын атап өтіп жатқан биылғы жылы да осы саланың мүддесін қорғаушы KazWaste қауымдастығының барлық бастамаларын қолдауды жалғастыруда.

West Dala компаниясы қоршаған ортаны тазартуға бағытталған маңызды бастаманы қолдай отырып, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Құлсары қаласы әкімдігімен келісім бойынша «Теңіз» жобасының 20 қызметкерінің күшімен Курсай жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

West Dala компаниясында «Экологиялық сын-қатер» акциясы өткізілді, оған бас кеңсе, «Прорва» ҚЖК, «Теңіз» ҚЖК және ПРН жобасы, «Өзен» ҚЖК және ММГ РАО жобасы, «Қошанай» ҚЖК, ҚБК және көлік бөлімі, ҚӨжОКП және Батыс Ескене жобасының қызметкерлері қатысты.