МАРАПАТТАУ

West Dala-да компаниясының қызметінде қауіпсіз еңбек - ең маңызды мәселе. Маңызды да елеулі жетістіктердің бірі – бүгінгі күнге дейін жұмыс уақытын жоғалтпай 350 күн жұмыс істегеніміз. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ынталандыру бағдарламасы аясында және осы көрсеткішке қол жеткізу құрметіне Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті West Dala өндірістік нысандарының басшыларымен бірлесіп, ағымдағы жылдың қаңтарында, 2023 жылда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыста ерекшеленген қызметкерлерді марапаттайды. «Біз қызметкерлер үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз, сонымен қатар компанияда қауіпсіздік мәдениетін арттыруға жұмыс жасаймыз. Осы процеске атсалысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз», - деді Еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасының басшысы Багдат Дуйсебаев. Марапаттаулар ҚӨЖОКП, ҚБК, “Қошанай” ҚЖК, “Өзен” ҚЖК, Баутино жобасында, Ақтау кеңсесінде өтті, сонымен қатар «Батыс Ескене» жобасының кейбір жұмысшылары қамтылды. Нысандарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ерекше көзге түскен 77 үздік жұмысшы Құрмет грамоталарымен және жүннен жасалған күрте түріндегі арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

 

                               

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.