МАРАПАТТАУ

Желтоқсан айының соңында ТШО тапсырыс беруші 2023 жылы TCF Demolition жобасын жүзеге асыру барысында қауіпсіз еңбек мәдениетіне (ҚЕМ) арналған жиналыс өткізді. Кездесуде «West Dala» қызметкерлерінің ҚЕМ-і мен өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы жетістіктері атап өтілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша ТШО атынан West Dala кәсіпорнының келесі қызметкерлері сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды: пресс операторы Бадешов Айнабек; техникалық қызметкер Юлия Гузикова; сұрыптаушылар Хайнешов Серікбол, Каменов Аслан, Қабешов Арман, Әбішев Әлижан, Әжғалиев Мырзабек, Назаров Архимед, Баймурзиев Тілек, Жұмаханов Қуандық, Айткалиев Думан; жүк тиегіш операторлары Имангалиев Мухамбет және Әлпай Нурлыбек; ЕҚЕҚ супервайзері Сыбанов Нурхан; инженер-эколог Қанат Айдарханов; техник-механик Мұхамбетов Еркебұлан; электр механигі Ниетқалиев Нұрбол; медбике Ғұбайдуллина Нұргүл және таразы бақылаушысы Жұбаев Жандос.

«Әр қызметкердің ұжымдық жұмысы мен қажырлы еңбегінсіз бұл нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес еді. Біз биылғы жылды тамаша нәтижелермен аяқтап жатырмыз және жобаны тиісті деңгейде жүзеге асыруды жалғастырамыз», - деді Абай Нұрмахамет, West Dala компаниясының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ менеджері.

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.