МАРАПАТТАРЫ

Атырау облысының Экология департаменті 1-санаттағы кәсіпорындармен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайту, қоршаған ортаға жалпы әсерді төмендету және өңір кәсіпорындарында ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізу перспективалары талқыланды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің экологиялық жауапкершілігіне және біртіндеп орнықты әрі қауіпсіз өндірістік шешімдерге көшу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Кеңес аясында Экологтар күніне арналған марапаттау рәсімі өтті. Онда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атынан «West Dala» ЖШС-нің бас экологы Айнагүл Наурызбаева Алғыс хатпен марапатталды.

Кәсіби шеберлігі мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша белсенді еңбегі үшін шын жүректен құттықтап, алғысымызды білдіреміз!

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.