МАРАПАТ

West Dala компаниясы өзінің 20 жылдығын атап өтіп, компанияның негізін қалаған және батыс өңірдегі қалдықтарды басқару саласындағы көптеген жобалардың өндірістік процестеріне үлкен үлес қосқан құрметті қызметкерлерін марапаттады. Бұл мерекелік күнде шақырылған қызметкерлер компанияның алғашқы қадамдарынан бүгінгі күнге дейінгі тарихын еске алды. Басшылық үздік мамандарға алғыс білдіріп, ардагерлер мен зейнеткерлерге құрмет медальдарын және естелік сыйлықтарын, ал ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.

Компанияның дамуы, прогресі, бәсекеге қабілеттілігі, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы – жұмысшылардың табанды еңбегінің нәтижесі. Бұлар – күннің ыстығына да, қара суығына да қарамай, компанияның өндірістік нысандарында күн-түн демей еңбек ететін нағыз майдангерлер. West Dala – ортақ мақсат пен құндылықтар біріктірген, араларында сенімді қарым-қатынас қалыптасқан біртұтас команда. Әр қызметкер өз рөлін түсінеді, әріптестерін қолдауға және экологиялық мәселелерді бірге шешуге дайын.

 

 

 

 

         

         

         

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.