КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІ

Жақында «ЕҢБЕКТІ ЖАҚСАРТУ» байқауының қорытындысы жарияланды.

West Dala компаниясы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтер деңгейін арттыруда барлық жұмыс процестерін жақсартуға ұмтылады. Жақсартуға қатысты идеяларға арнап алғашқы «ЕҢБЕКТІ ЖАҚСАРТУ» байқауы өткізілді.

Ынталы қызметкерлер өз жобаларын құжат айналымы мәселесін жақсартудан бастап жаңа әзірлемелерге дейін түрлі бағыттар бойынша ұсынды. Барлық ұсыныстар тиімділікті, дамуды әрі креативті көрсетті. Қазылар алқасының пікірінше үздік идеяны ТҚ және Жөндеу қызметінің техник-механигі Асқар Табанов ұсынды. Сондай-ақ, компанияда адам ресурстарын дамыту идеяларын ұсынған контракт жөніндегі менеджер Олеся Балашова марапатталды. Қазылар алқасы жұмыстар арасынан халық арасында қалдықтарға экологиялық қарым-қатынасты дамыту мақсатында қалдықтан конструкциялар жасау жобасына қатысты ерекше ұсынысы үшін Клиенттермен жұмыс бөліміндегі Жәңгір Балғымбаевты атап өтті. Барлық аталған қатысушылар ақшалай жүлделерге ие болады.

Компания басшылығы мен ұйымдастыру комитеті қатысушыларға ұсынған жобалары үшін алғыс білдіреді. Келесі байқау West Dala-ны одан әрі дамытатын идеяларды ұсынады деп үміттенеміз!

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.