КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІ

West Dala компаниясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шығармашылық жұмыстар байқауы өтті. Қазылар алқасына он қатысушының жобасы ұсынылды. Нәтижесінде ең креативті, бірегей және жарқын жұмыс ұсынған жеңімпаздар анықталды.

  • Бірінші орынды шыныдан жасалған бейне үшін Кенжеғалиева Айнұр мен Камиева Айнұр (ҚБК нысаны) жеңіп алды.
  • Екінші орын Кадиров Арманға гүл құмырасы үшін берілді (ҚЖК Прорва нысаны).
  • Үшінші орынды Қайыров Ертуған құрал-саймандарға арналған сөмке (ҚЖК Прорва нысаны) арқылы жеңді.

Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың басқа қатысушылары да назардан тыс қалмады. Сертификат түрінде ынталандыру сыйлықтарын алды:

  • Болатқалиев Зейнолла, Каналиев Қуат (ҚӨЖОКП)
  • Рспаев Жаунғали (ҚБК транспорт бөлімі)
  • Қарабалин Жанболат (ҚБК транспорт бөлімі)
  • Мұратбаев Жиеней (Теңіз ҚЖК)
  • Есентаев Даниял (Теңіз ҚЖК)
  • Жанисеев Жалғасбай (ҚЖК Прорва)

Жұмыста әрқашан шығармашылық бастаулар танытуларыңызды тілейміз!

 

 

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.