КОНФЕРЕНЦИЯ

Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында Ақтау қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Брекешев Серікқали Аманғалиұлы, Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериштің қатысуымен конференция өтті. Конференцияда қазақстандық 180 кәсіпорын мен халықаралық ұйым өкілдері экологиялық реттеу және мониторинг мәселелерін талқылады. Форумға West Dala қызметкерлері – Маңғыстау облысы бойынша Бас директор орынбасары Дастан Айдарханов және бас эколог маман Айжан Джанбирбаева қатысты.

 

                                       

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.