«КӨМІРСУТЕГІ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯ» XI КӨРМЕСІ

Атырауда қыркүйектің 29 – 30 аралығында «Көмірсутегі саласындағы инновация» XI көрмесі болып өтті. Аталған шара ҚазақстанРесей XI өңіраралық ынтымақтастық форумына орайластырылды. Аталған шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, Атырау облысы әкімінің Аппараты, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ.

Шараның негізгі бағыттары мен тақырыптары: шикізат өндірудегі инновациялар, тасымалдау мен өңдеу, жабдықтар мен техникалық құралдар және экологиялық қауіпсіздік. Бұл көрмеде Қазақстан мен Ресейдің 60-тан астам компаниялары өздерінің мұнайгаз саласындағы мүмкіндіктерін көрсетті. Көрмеге негізгі министерліктер мен ведомстволардың жетекшілері, бірқатар облыстардың басшылары, ірі бизнес өкілдері, ғылым қайраткерлері, екі елдің мұнайгаз саласындағы инновация бойынша сарапшылары қатысты.

Форумның жұмысы кезінде мемлекет басшылары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Президенттері – Владимир Путин және Нұрсултан Назарбаевтың қатысуымен Көрме бойынша ВИП ТУР болып өтті.

«West Dala» ЖШС «экологиялық қауіпсіздік» бағытында аталған көрмеге қатысуға шақырту алған болатын. Көрмеде компания «Мұнай қалдықтарын кешенді басқару» жобасын ұсынды. Компанияның стендісіне келушілер мұнай қалдықтарымен жұмыс процесін, мұнаймен ластанған топырақты өңдеу нәтижелерімен танысуға, мамандарға сұрақтар қоюға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндіктері болды.

Екі күндік жұмыс қорытындысы бойынша компания көрмеде Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің Дипломымен марапатталып және Ресей Федерациясы энергетика Министрлігінің «Өндірістік қалдықтарды кешенді басқару» жобасы үшін Дипломымен марапатталды.

Толығырақ:

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қалдықтарды басқару бойынша оқу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

West Dala компаниясы 2009–2010 және 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық бокс турниріне демеушілік көрсетті.

West Dala компаниясының еріктілері «Атамекен Эко» қоғамдық қоры ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысып, «Отбасы» саябағында ағаш отырғызу шарасына атсалысты. «Біздің әріптестеріміз өзге де белсенді азаматтармен бірге көшеттер отырғызып, ағаштарды әктеп, саябақты жасылдандыруға көмектесті», – дейді West Dala компаниясының тұрақты сенбілік қатысушысы Куангали Елубаев.

2025 жылғы 31 қаңтарда West Dala компаниясы Теңізде ККЖ жобасы аясындағы жұмысын аяқтады. Біздің серіктесіміз – Теңізшевройл – жобаның аяқталуына орай салтанатты жиын ұйымдастырып, үздік мердігерлерді марапаттады. Олардың қатарында Теңіздегі West Dala командасы да болды, ол күміс медальға ие болды. FGP/WPMP Talent Manager Ричард Морганның қолы қойылған Алғыс хатта бұл марапаттың айтарлықтай ықпал мен мінсіз қызмет көрсеткені үшін берілгені атап өтілді.

Биыл West Dala компаниясының нысандары халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қайта қатысты. Акцияны қолдау мақсатында 20:30-дан 21:30-ға дейін ҚБК, ҚӨжОКП, «Теңіз», «Өзен», «Қошанай» нысандарында сыртқы және ішкі жарық көздерін өшіріп, табиғатқа ұқыпты қараудың және ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын еске салды.