West Dala компаниясының заңгерлері қыркүйек айының соңында Алматыда 15 рет өткен Қазақстанның жетекші заң форумына алғаш рет қатысты. Аталған форумның мақсаты - Орталық Азияда заңгерлер үшін тәжірибе алмасу, нетворкинг, жетекші салалық сарапшылармен және мемлекеттік сектор өкілдерімен мәселелер мен шешімдерді талқылауға арналған үздік платформа құру.

West Dala Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің проблемалық мәселелерімен компанияның практикалық тәжірибесімен бөлісу үшін спикер ретінде «Жаңа экологиялық шындық 2025: қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық ландшафт қалай өзгеруде» экологиялық секциясына қатысуға шақырылды. ҚР қолданыстағы ЭК Қазақстанда төрт жыл бұрын қабылданды және осы уақыт ішінде West Dala компаниясында бірқатар мәселелер туындады, бұл кейбір жағдайларда қалдықтарды басқарумен тайналысатын мамандандырылған ұйымдардың жұмысын қиындатты.

Құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысы Камшат Тахиталиеваның айтуынша: «Бұл форум біздің компанияға өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісуге және қалдықтарды басқару саласын заңнамалық деңгейде дамыту үшін кейбір өзгерістер енгізуді ұсынуға мүмкіндік берді. Біз заңнаманың икемді және бейімделгіш болуы керектігін айттық; нақты жағдайлардың ерекшелігін — қалдықтардың құрамын, жергілікті технологияларды, географияны ескеру қажет, сондай-ақ реттеуші және сала практиктері арасындағы өзара іс-қимылдың тікелей арнасын құру маңызды».

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.