KIOGE көрмесі – мұнай-газ саласындағы инновациялық технологияларды және саланың даму үрдістерін таныстыруға арналған беделді алаң.

West Dala компаниясы үшін көрменің маңызды бөлімдерінің бірі – «Мұнай-газ кен орындарындағы сервис көрсету қызметтері» және «Экологиялық қорғау қызметтері» болып табылады. Әріптестеріміз қалдықтарды тазартуға арналған жаңа препараттармен танысып, ірі компаниялардың семинарларына қатысты. Атап айтқанда, «Қаламқас Хазар жобасында жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілерді қолдау» тақырыбындағы семинарға барды.

KIOGE аясында Қазақстанның мұнайсервистік компаниялар одағы «Kazservice» мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, онда ұйымның қызметі, мұнайсервис бизнесін мемлекеттік реттеу мәселелері және заңнамалық бастамалар талқыланды.

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.