Қыркүйек айының соңында Алматыда 28-ші халықаралық KIOGE-2022 көрмесі мен конференциясы өтті. Дәстүр бойынша іс-шараға мыңдаған келушілер мен жүздеген қатысушы компаниялар жиналды. West Dala өкілдері KIOGE-2022 негізгі алаңдарын аралап, жаңа қатысушылармен танысып, компанияның қызметтерін таныстырды.

Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың жаңа сценарийлері қарастырылған конференцияның маңызды тақырыптарының бірі ESG қағидаттарын енгізуді талқылау болды. Айта кетейік, осы тақырыпқа Oil&Gas Kazakhstan журналының қыркүйек айындағы санында West Dala Корпоративтік даму жөніндегі директоры Диас Хабиевтің пікірімен мақала берілген. Танымал салалық журналдың беттерінде ол ESG енгізу процесін қалай жеделдету керектігі туралы идеяларымен бөлісті. Журналдың бұл нөмірі көрме мен конференцияның барлық қатысушыларына таратылды.

KIOGE-2022 аясында West Dala өкілдері қатысқан «Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы» ЗТБ мүшелерінің жыл сайынғы жиналысын атап өткен жөн. Жиналыста 2022 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, 2023 жылы мұнай сервистік компаниялардың алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланды.

 

                                          

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.