САЙТҚА КІРУ

NCOC компаниясы «West Dala» ЖШС-мен бірлесіп Мақат ауданының қоғам және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерін қалдықтарды басқару кешенімен таныстырды.

Мақат ауданының қоғам және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерін өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданылатын әдістермен және технологиялармен таныстыру үшін «West Dala» ЖШС компаниясының қалдықтарды басқару кешеніне (ҚБК) кезекті сапар ұйымдастырылды.

Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) Махамбет ауданында Атырау — Орал тас жолының сегізінші километрінде орналасқан. ҚБК қалдықтармен және сарқынды сумен жұмыс істеуге арналған заманауи жабдықтармен жарақталған.

«West Dala» компаниясының қызметкерлері сұйық және қатты өнеркәсіптік қалдықтар, тамақ және басқа да қалдықтарды тазарту және экологиялық қауіпсіз жоғары температурада зарарсыздандыру процесін көрсетті. Сондай-ақ, пластикалық қалдықтарды және картон престеу алаңында қатысушылар ПЭТ бөтелкелерді престеу процесін жеке бақылай алды.

Сапар соңында «West Dala» компаниясының өкілдері ҚБК жұмысы туралы қосымша сұрақтарға жауап берді.

 

  

Толығырақ:

West Dala компаниясы Наурыз мерекесіне орай Атырау мүгедектер қоғамына азық-түлік себеттерін дайындап табыс етті. Биыл шағын көмек ретінде 8 қарт мүгедек адамға азық-түлік берілді.

Global Recycling Foundation бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік қайта өңдеу күні аталып өтеді. Бұл күн ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға назар аударуға бағытталған.

1000 күн бойы өндірістік жарақаттарсыз және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайларынсыз жұмыс істеу құрметіне, 13 наурыз күні West Dala компаниясының басшылығы Теңіз кен орнындағы мұнайшламын бөлу жобасының қызметкерлерін құттықтады.