Атырау қалалық мәслихатының депутаттары өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы әдістер мен технологиялармен және олардың қоршаған ортаға әсерімен танысу мақсатында «West Dala» компаниясының Қалдықтарды басқару кешенінде (ҚБК) болды.

«West Dala» мұнай-газ саласындағы ұйымдарға, сауда және халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарына, медициналық ұйымдарға, сондай-ақ әртүрлі компанияларға қалдықтарды басқару бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады. «West Dala» қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар: қызмет түрлеріне лицензиялар, бірінші санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсер етуге рұқсаттар, объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар және басқа да құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Махамбет ауданындағы «Атырау-Орал» тас жолының 8 шақырымында орналасқан Қалдықтарды басқару кешені (ҚБК) ағынды және сарқынды суларды басқаруға арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. ҚБК-де депутаттарға нысандағы кешенді басқару тізбегі көрсетілді: қалдықтардың қалай қабылданатыны, қалдықтардың сұрыпталуы, өндірістік ағынды сулар мен сұйық қалдықтардың тазартылуы; қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоғары температурада кәдеге жарату; қалдықтарды залалсыздандыру; қалдықтарды демеркуризациялау; химиялық сұйық және қатты қалдықтарды, тамақ, медициналық және басқа да қалдықтар түрлерін өңдеу. Кешендегі барлық қондырғылар түтін газдарын тазартудың көп сатылы деңгейлерімен жабдықталған, осылайша қондырғылардағы жану кезіндегі газдар тазартылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді, бұл аккредиттелген зертхананың бақылау нәтижелерімен расталады.

ҚБК-ін аралаған депутаттар нысандағы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, аумақтың тазалығы мен санитарлық нормалардың сақталуын атап өтті.

Өз кезегінде «West Dala» компаниясының өкілдері депутаттарға құрылыс қалдықтары, шыны қалдықтары, аккумуляторлар және басқа да қалдықтарға қатысты саланың түйткілді мәселелерін айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында қазіргі уақытта өңірде кейбір жосықсыз компаниялар тарапынан медициналық қалдықтармен кәсіби емес қарым-қатынас байқалғаны, бұл өңірдің экологиясына зиян келтіретіні атап өтілді.

 

 

Толығырақ:

Компанияның 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында өткізілген West Dala-ның Еңбек қауіпсіздігі айлығы – 2025 өз мәресіне 31 мамыр күні жетті. Қорытынды шара ретінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті ұйымдастырған табиғат аясындағы корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Іс-шара Wooden House демалыс базасында өтті.

West Dala компаниясының ҚБК нысанына жұмыс сапарымен «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КМ сараптамалық комиссиясының делегациясы келді. Сапардың мақсаты — Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Қалдықтарды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің өндірістік тәжірибе базасын бағалау.

Дүниежүзілік қоршаған орта күніне және “Таза Қазақстан” ұлттық экологиялық қозғалысын қолдауға орай, біздің компания сенбілік ұйымдастырып, қалалық ортаны жақсартуға және Атырау жағалауын тұрғындар үшін таза әрі жайлы етуге өз үлесін қосты.